Кеше ғана дүниеден озған Алаш арыстарының соңғы тұяғы Қайым Мұхамедханов жайлы бір үзік сыр

 

Алаш арыстарының алдындағы қасиетті парызын өтеп кеткен әрі текті ұрпақтың соңғы тұяғындай болған Қайым Мұхамедханов мынау жалған дүниеден өткенде мұқым қазақтың қабырғасы қайысты. Ұлтымыздың күншығыстағы шыңға біткен шынары опырылып қалғанда, исі қазақтың сағы сынып қалғандай болған. Ес жиған сон тәубаға
келдік. Ұлттық рухтың қазынасына айналған ғүлама    ғалымның өлмейтін хаты қалды артында.

“Көрге кірсең үлгілі жақсы атақпен, Өлсең де өлмегенмен боласың тең” деген данышпан Абайдың сөзіне жүгініп, өздеріне өздері тоқтау айтқанды.

Ол бақилыққа аттанғанда баспасөз біткен қаралы қазанама жариялап, қазақтың Қайымының кайшылықты тағдырын, абайтану, мұхтартану, жалпы ғылым мен әдебиет жолындағы күреске толы шығармашылық өмірін, қарағайдың карсы біткен бұтағындай мәрт мінезі мен дара бітім-болмысын, алған атақ-абыройын, белгілі жазушы, белгілі жазушы, драматург, ақын,
аудармашы әрі Қазақ КСР-нің  тұңғыш Әнұранының авторы екенін санамалап, халқының есіне қайыра бір салған. Асылдарымызды көзі тірісінде емес, о дүниеге ұзатарда қара жамылып тұрып мақтауға әдеттенген халықпыз ғой, Қайым ағаның “академик”, “Халық қаһарманы”, “Ғасыр адамы” сияқты ресми атақтарға лайық екені алға тартылған. Қыран-ғұмыр үзілмеген тұста берсе, кәні? Бірақ, Қайым ақсақал бұл абырой-атаққа зәру емес еді. Өзінің дана халқы, мыңдаған шәкірттері, адал да әділ ғылыми һәм әдеби орта оған осы атақтардың бәрін бейресми түрде әлдеқашан беріп қойған.

Енді ол туралы өткен шақпен әңгіме қозғаймыз. Қайым ағамен өмірінің соңғы жылдары әлденеше рет кездесіп, сыр-сұхбат құрғанда, естеліктерін қойын кітапшама түртіп алған-да, көңілін сұрай барғанда Алаш ардагерінің телегей-теңіз біліміне тәнті болғам, күлбілтелемей кесіп айтар әділдігіне сүйсінгем. Сол қолжазбаларды қайта парақтаған сайын қыран-ғұмырдың сұңкар дауысы саңқылдап, жадымда жаңғырады.

Екінші мыңжылдықты қарсы алар шақта газет тапсырмасымен ғасыр адамы ретінде Қайым ақсақалмен ұзақ сыр бөліскен едім. Ол кезде тың болатын. Арасында демалып отырып, жеті-сегіз сағат сыр шерткен. Дәл кетерімде есік аузында кілт тоқтатқан. “Мына бір ауыз өлеңді жазып ал, көкейіме келіп түрғаны.

Туған ел алтын бесік, ұшқан ұям,

Көз жүмылмай тұрғанда қайтіп қиям?

Тарта гөр Семейімнің топырағы,

Төстіктей жеріңе мен еркін сыям.

Болды.

Шығысыңа менен сәлем айт! – деген Қайым ағаның боталаған жанарынан мұң көргем. Бұл дана Абайдың 150 жылдығын, ұлы Мұхтардың 100 жылдығын өткізуге қатысып, олардың мұраларын ғылыми тұрғыдан түгендеп, артынан еліне Алматыдан қамығып қайтқан тұсы еді. Одан кейі де кездесудің сәті түскен. Абайтанудың абызы айтқан әңгімелерді үзік-үзік сырлар мен оқшау ойларды қойын кітапшамнан қайтара оқып отырмын

  • Мен 1916 жылы 5 қаңтарда бұрын Заречная Слободка деп аталған қазіргі Жаңасемейде дүниеге келіппін. Бұл жер 1917 жылдан 1930 жылға дейін Алаш аталып келді. Дәл бүгін солай атасақ, Семейдің рухы көтерілмей ме?! Мұхтар семинарияда оқып жүргенде-ақ әкем Мұхамедханның туған інісіндей болып кетті де, мені жанына тым жақын тартты. Осы сыйластық үзілмей, ер жеткенде оның рухани інісіндей етті. Біз қудалауға түскенде, мені оның “жан торсығы” деп тілдеді. Мұхтардың ұлы екенін сол кезде мойындап қойғандықтан ба, бұған менің мұртым да қисайған жоқ, қайта, тіптен қанаттанып қалдым. Мұхтардың тікелей ұсынысымен абайтануды, әсіресе, Абайдың ақындық, мектебін зерттеуге ден койдым ғой. Бірақ, Абайдың ақын шәкірттерінің жолы ауыр болды. 51-ші жылы “Идеялык позициясын нығайта түсу үшін М. Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымына өзінің ғылымға қарсы “концеп­циясын ” сіңіруге тырысып осы мақсатқа жету  үшін ол “Абайдың әдеби  мектебі” туралы Қ.Мұхамедхановтың диссертациясын сондай   ұқыптылықпен дайындады” деп айып тағып,    мені халық жауы ретінде          25    жылға     соттады,   Мұхтарды да түрмегетықты, ғылыми диссертацияның күшін жойып, жиған-терген, жазған   дүниелерімді    жойып  жіберді.   Осы   тәуелсіздікті, Абайдың айналасындағы ақындардың     бостандығын өмір бойы            аңсадым ғой. Арманыма жеттім. 1993 жылдан бері “Абайдың ақын        шәкірттеріне”      төрт  кітап арнадым. Оларды            халық   таныды.   Енді            Абайдың өз тәрбиесінде болған Әлмағамбет, Баймағамбет, Мұхаметжан,         Бейсенбай сияқты әнші,            өлеңші, жыршы шәкірттері

Абай өнегесімен                  шығармалар     жазған      Төлеу, Нурлыбек, Шәкір, Сапарғали, Тәңірберген сияқты халық ақындар легі  туралы           қалам тарту ойымда бар…

  • Мұхтар екеуміз бір-бірімізге   өмір   бойы       сендік, ағалы-інідей болдық. Түрмеден келген соң Мұхтарға: “Абайдың  ақындық    мектебіне”   қайта   ораламын”,    –   дедім. Ол: “Бұған әлі салқын қарайды, Абай шығармаларының текстологиясы жайында ғылыми   еңбек жаз”,-деді. Сол салқындық     соңымнан   қалмады ғой. Мұхаңның   аманатымен екінші қайтара кандидаттық диссертация қорғадым. Екі рет кандидаттық диссертация қорғаған ғалым   бар ма екен, а?! Бірақ,   өзім оған өкінбеймін. Абайдың 100 жылдығын өткізу   жөніндегі үкіметтік комиссияның ғылыми хатшысы Мұхтар еді. Бір күні Семейде жүрген    маған телефон шалды.

Абай  өлеңдерінің мәтіндерінде арабшадан кириллицаға аударғанда біраз қателіктер кеткен. Немесе жылы белгісіз, анаған арнаған, мынаған арнаған өлеңдер      “Сен мұнда    кел, ғ ы л ы м и хатшылықты саған тапсырамын, менің қолым тимей тұр, роман бітпей жатыр”, – деді. “Ойбай-ау, Үкімет шешпей ме?” – деймін ғой. “Сенен артық кім бар еді?” – деп қысқа қайырды. Сол жолы көп шаруа тындырдық. Тойға келген казақтың Қажымұқанымен жақын таныстым, сырластым. Құдай оған қара күіші де, бітім-болмысты да үйіп-төгіп бере салған ғой. Оны Семейден Қарауылға апарар мәшине таппай әуреге түскенім есімде. Жеңіл мәшинеге сыймайды, көтермейді. Қорапты мәшинеге салып апардық қой. Абайдың 100 жылдығында Мұхтарға айтып жүріп, ұлы ақынның жеті-сегіз өлеңін жинағына кіргіздім. Ал, 150 жылдығында Абайдың екі томдык академиялық жинағын, “Абай” энциклопедиясын шығаруға қатыстым. “Абай мұрагерлерін” шығардым. Осы жолы да Абайдың жарияланбаған біраз өлеңдерін апарып едім, Мұхтар жоқ, қазіргі мықтылар кейбір өлеңдерін жинақтың қосы-ша бөліміне әрең енгізді.

деп жарияланып жүр. Абай сарай ақыны емес
қой. Менде осыған байланысты            ғылыми тұжырым бар.

-“Алды үміт, арты өкініш, алдамшы өмір” деп Абай  айтқандай,
өкініш    баршылық. Денсаулық мықты, санамыз сергек кезде аузымыз буылды, ештеңе айта ал­мадық. Заман ыңғайымен сұңқылдадық. Мені қойшы, Мұхтарды, Абайды аяймын. Мұхтарды өмір бойы ит тартқан терідей қылды. Айтатынын айта алмады, “Абай жолын” дәл қазір  жазса ғой” деп армандаймын. Абайды саясат үшін пайдаланды. Оның орыспен достығын ғана таныттық, сан қырлы философиясы ашылмай қалды.

  • Мен саған шын сырымды айтайын, менің,   ғылыми корымда қазақ әдебиеті туралы жинақ, Шоқанның, Шәкәрім мен Көкбайдың қолжазбасы, Абайдың жарияланбаған өлеңдері, XIX ғасырдағы қазақ туралы жазбалар жатыр. Азат елдің ғалымы ретінде еркін бір көсіліп жазайын деп едім, оған ғұмыр жете ме, кім білсін… Мұхтар өмір бойы Абайдың ғылыми өмірбаянын жазды. Мұхтардың ғылыми өмірбаянын толыққанды әрі жаңаша сипат беріп жазу да міндет қой. Осы сендер, жастар, хат жазу дегенді білмейсіңдер, жаза алмайсыңдар.

Ана жолы маған жазған хатында аман-саулықтан басқа ештеңе          жоқ. Бұл дегеніңіз эпистолярлық жанр ғой.      Оның   менде    небір   төресі бар…

-Әдебиетті зерттеп, ақын-жазушыға сын-пікір айту үшін өзің әр жанрға қалам тартуың керек. Сонда ғана ақын-жазушының тауқыметті тағдырын жаныңмен түсініп, әділ сөйлейсің, адал талдайсың. Сондықтан да мен өлең жаздым, драматургияға бардым, аударма жасадым. Жамбылдың бір тойына сюжетсіз поэма жазып апардым. Қазақтың алғашқы әнұранын жаздым. «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деп басталатын мәтінге «Біз» дегенді қосып, Ғабит пен Әбділдә қосарланды. Ал, музыкасын Мұқан Төлебаев жазған ғой. Оған да Хамиди мен Брусиловскийді теліп қойды. Заман, саясат солай болған.

-Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,

-Шошимын кейінгі жас балалардан.

Терін сатпай, телміріп көзін сатып,

Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман.- деп Абай айтқан өткен ғасырда. Бүгінгінің сипаты да осы ғой. Қазір жаһандану деп жатырсыңдар ма, бізді оның жұтып қоюынан Абайдың ойы сақтап қалар-ау…

…Жарықтық, абайтану абызының өмірінің соңғы шақтарында шерткен сырының бір парасы осы еді-ау. Енді қазақтың Қайымының ғылыми өмірбаянын кім жазар екен?

Шәкірті, іргелі ғалым Тұрсын Жұртбайды әлденеше рет аузына алып, үміт артып отырған. Осы бір қасиетті іс ғалымағамызға аманат. Өзі айтқан рухани қазына ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпей, мемлекет қамқорлығына алынуы қажет.
Академиялық білімі бо­лған Қайым Мұхамедхановтың есімі өзі оқытан,
өзі қызмет істеген, қазір қайта бөлініп шыққан Семей педагогикалық институтына берілсе,
ешкімнің тақиясына тар келмесі сөзсіз. Семейдің орталық бір көшесіне ғұлама ғалымның есімін
беріп, көрнекті жерге тас мүсінін сомдасақ, иісі қазақтың рухы асқақтап тұрар еді. Ұлт мақтанышын енді осылай қадірлейік. Осының бәрі бүгіндері жер басып жүрген   тірілердің ұлттық намысына сын. Қайраткер Қайымның екінші ғүмыры енді басталды. Ол – ұзақ зерттеуді қажет ететін ғылым-ғұмыр!..

Тоқпатаев У. Абайтанудың абызы еді: Кеше ғана дүниеден озған Алаш арыстарының соңғы тұяғы Қ. Мұхамедханов жайлы бір үзік сыр// Ертіс өңірі.- 2004.- 23 қыркүйек.- б.26