Памятная доска К2004 жылы 23 қазанда абайтанушы, ғалым Қ. Мұхамедханов ұзақ жылдар тұрған Ә. Ибраев көшесіндегі  №155 үйге  белгілі ғалым, абайтанушы, драматургтің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Семей қаласына әр жылдары келген атақты жазушы  М. Әуезов, Ә. Марғұлан, Қ. Сатпаев, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, А. Жұбановтар қалаға келген сайын Қ. Мұхамедхановтың осы үйінде қонақта болған екен. Ескеткіш тақта Семей педагогикалық институтының 70 жыл толу мерейтойы кезінде ашылған болатын.

Қайым Мұхамедханұлы – жарты ғасырда қазақ әдебиеті пәнінің мыңдаған мұғалімдерін даярлап шығарған ұстаздардың ұстазы, ғылымның нағыз профессоры. Ұзақ жылғы ғылыми, ұстаздық және әдеби еңбегі бағаланып, Кеңес Одағының медальдарымен “Халықа білім беру ісінің үздік”, “Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі” белгілерімен марапатталды. Қазақстан Жазушылар Одағының Абай атындағы Халықаралық сыйлығының алғашқы лауреаты. Қазақтың қайсар ұлы Қайым Мұхамедханов 2004 жылы 88 жасында Семей қаласында дүниеден озды.

 

Сұлтанқызы Э. Ескерткіш тақта ашылды // Ертіс өңірі.- 2004.- 28 қазан.- Б.2