Көрнекті әдебиет зерттеушісі, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың абайтану ғылымына, Абайдың ақын шәкірттері мұраларының зерттелуіне қосқан үлесі ұшан-теңіз. Сондай-ақ, ғалымның қоғамдық қызметтері де ғалымдық қарым-қүлашының кеңдігін даралайды. Соның бірі – 1940 жылы Семей қаласында Абайдың әдеби- мемориалдық мұражайын ұйымдастырудағы ғалымның еңбектері. М.Әуезовтің тікелей араласуымен ашылған мұражайдың ұйымдастырылу, қалыптасу ісіне Абайдың өз тәрбиесінде болған немере інісі Әрхам Кәкітайулы мен Қайым Мұхамедханов белсене араласады. Бүгінде кемерленіп қанатын кеңге жайған мұражайдағы экспонаттар мен ұлы ақын жайындағы естеліктер, қолжазбалардың жиналуына Қ.Мұхамедханов мол еңбек сіңірді. Облыстық мұрағатта сақталған Абай мұражайының 1940 жылдардағы жоспары мен есебінің басым көпшілігінде мұражайдың аға ғылыми қызметкері Қайым Мухамедханов есімі көрсетілген. Мысалы,

План работы музея Абая на 1940 год.

  1. Подбор и приобретение книг в областном музее К.Мухамедханов 15.08.1940г.
  2. Приобретение у старожилов ценных книг К.Мухамедханов 20.08.1940 г.
  3. Вопросы научно-исследовательских и тематических А.Жиреншин

работ К.Мухамедханов 25.08.1940 г.

  1. Создание научно-литературного отдела музея К.Мухамедханов 4.10.1940 г.
  2. Приобретение ценных старинных национальных костюмов К.Мухамедханов 1.10.1940 г.
  3. Научная командировка в целях ознакомления с работой других музеев в г. Ташкенте, Тбилиси, Москве, Шота-Руставели и др. К.Мухамедханов до 1941 г.
  4. Показ жизни Абая в социально-бытовом, культурном отношений К.Мухамедханов 1.10.1940 г.

Мұражайдағы ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды заттар, қолжазбалар мен құжаттарды жинастырудың маңызды бөлігі Қ.Мұхамедхановтың үлесіне тиесілі. Осы әдеби қорықты абайтану саласының ғылыми орталығына айналдыру Қ.Мұхамедхановтың табандылығымен жүзеге асты. Бұған дәлел ретінде мұражайдың 1940-41 жылдарда жүргізген істерінің есебін ұсынамыз:

«Научная работа по темам:

  1. По теме бытовая обстановка жизни Абая преступлено и составлено

актов по бытовой обстановке дома №83 по проспекту Абая в

последние годы жизни в нем жил Абай (Исхаков, Аккерман);

  1. По теме «Литературная школа Абая» тов. Мухамедханов собирал

большие материалы по Арипу и это будут изданы в текущему году.

Это будет первый научный труд работников Абая 1941 г.

Директор музея Тлеков» .

Бұл – ақын атындағы мұражай үйінде алғашқы ғылыми зерттеудін негізін салған Қ.Мұхамедханов екенін айғақтайтын құжат. Мұражай тарихында алғашқы ғылыми еңбектің ізін сала отырып, баспасөз беттерінде мақалаларын да жариялай бастайды. «Абайдың әдеби мектебі» деген атпен 1945 жылы Ақылбайдың «Дағыстан», «Зұлыс», Мағауияның «Медғат-Қасым», «Еңлік-Кебек», Әубәкір мен Әріптің шығармашылық өмірлеріне арналған мақалалары жарық көреді. Коммунистік дүниетанымның қиянаттары Абай мұрасын, оның жеке басын бағалауға теріс әсерін тигізді. 1947 жылы «Социалистік Коммунистік дүниетанымның қиянаттары Абай мұрасын, оның жеке басын бағалауға теріс әсерін тигізді. 1947 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде Ж.Жұмақанов «Абайға ешбір қоқыс жараспайды» атты мақаласын жариялады. Семейдегі Абай мұражайының жайынан хабар беретін бұл мақала мұражайдағы «жанды-жансыз қоқыстардың бәрінен дереу тазарту» қажеттілігіне арналған. Ғылыми қызметкерлердің уақытты қалай өткізетіндігін айта келіп, «Қ.Мұхамедханов жолдас Әріп ақын жайында мақала жазып отыр. Бұл «еңбегінің» Абайға қаншалықты қатысы бар десеңізші», -дейді автор. Бұл Абайдың ақын шәкірттерін зерттеу тұрғысында Қ.Мұхамедхановқа айтылған сыңаржақ пікірдің басы еді. Сонымен қатар, аталған мақалада: «Семейде бір топ әдебиетшілер бар. Олардың бірсыпырасы Абай музейінде «ғылыми» қызметкер болып істейді, өздерін «Абай ауылынанбыз, Абайдың мирасқорларымыз деп санайды»,-деп түйрей келіп, о6лыстық «Екпінді» газетінің 1947 жылғы мамырдың 14-індегі санында жарық көрген Қ.Мұхамедхановтың «Қазақ әдебиеті заманымыздың талабына сай болсын» деген мақаласын сынайды. Ол мақаласында Қ.Мұхамедханов қазақ әдебиетін дәуір-дәуірге бөліп зерттеу, ғылыми негізде баяндау, оны жоғарғы және орта мектепте оқыту мәселелерін жан-жақты саралап, Абайдан кейінгі қазақ әдебиеті, оның ақындық мектебінің конценпциясын жасау, оның талантты шәкірттерінің шығармашылығын бағалауға ғылыми тұрғыда келу мәселелерін көтереді. Зерттеуші Абайдың ақын шәкірттері қатарына жатқызғандардың барлығын (Тұрағул, Әріп, Шәкәрім «Социалистік Қазақстан» газеті «совет үкіметіне, партияға қарсы адамдар. Бұл мақала авторы оларды «прогрессшіл еді», «шәкірт еді деп босқа лағып отыр»,-деп біржақты пікір білдіреді. Қазақстандағы ұлтшылдық айыптауларға байланысты науқан осылайша Абайды зерттеушілерді сынаумен басталып, Абайдың әдебиет мектебін де үлкен айтысқа тиек қылғаны белгілі.

 

СМАҒҰЛОВА А. Мұхамедханов және Абай мұражайы// Семей таңы.- 2009.- 18 маусым.- Б.3