Әке мен бала – Мұхамедхан Сейтқұлов пен Қайым Мұхамедханов – Отан патриоттары. – Алматы: «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» . – 120 б.

Белякина А. Человек - легендаҚайым Мұхамедхановтың әкесі М. Сейтқұлов білімді, алашордашы, ислам уағыздаушысы болған адам. Оның қазақ мәдениетінің белгілі қайраткерлерін қалыптастыру жолындағы еңбегі ерен. Ол көптеген қолжазбалар мен тарихи өлең-жырларды жинақтаушы және мәдени мұраны сақтаушы. Ал, абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедханов қолжазбалар мен мұрағат материалдарын анықтап, сақтап, Абай, Шәкәрім, Әуезов алаш зиялыларының шығармашылығын зерттеудің тұтастай ғылыми бағытына жол салды.

Бұл кітапта әкелі-балалы М. Сейітқұлов пен Қ. Мұхамедхановтың қазақ ұлтының болашағы мен ғылымына қосқан үлесі айшықталады. Сондай-ақ кітапта замандастарының Қайым Мұхамедханов туралы пікірлері, ғалымға арналған өлеңдердің библиографиясы, естеліктер беріліп отыр.

 

Қайым Мұхамедханов: Хаттар сөйлейді. Каюм Мұхамедханов: Письма говорят.- Алматы, 2015.- 336 б.- қазақша, орысша.

Белякина А. Человек - легендаҒұлама ғалым Қайым Мұхамедхановқа жолданған хаттар топтастырылған бұл кітап өткен тарих беттерін парақтайды. Бұл кітапта ғалыммен бірге жүрген, бірге еңбек еткен ХХ ғасырдың көрнекті тұлғаларымен хат алмасулары берілген, олар: Ж.Сайын, Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, С.Марков, І.Омаров, М.Хәкімжанова, Ә.Тәжібаев, М.Әуезов, Т.Иванова, Д. Снегин, С.Мұқанов, Т.Жароков, С.Машақов, Ш.Мұртаза, Ә.Нұршайықов, М.Төлеуов, Н.Анов, А.Сейдембеков, В.Коротич, Х.Ерғалиев, Е.Жақыпов, А.Тоқпанов, Ж.Бектұров, В.Карпов, Ү.Сұбханбердина және т.б. Сонымен қатар, аталмыш кітаптағы қазақ және орыс тілдерінде жазылған хаттарда отандық тарих пен ғылым, өлкетану мен мәдениет туралы, Карлагта өткізген ауыр репрессия жылдары жайлы аса танымдық мазмұнды фактілер келтірілген. Хаттардың тақырыбы да, мазмұны да әр алуан. Бірі ұлы тұлғалардың өмірінен сыр шертсе, бірі ел-жер тарихынан мағлұмат береді. Ұлы тұлғаның қалыманан шыққан бұл жазба материалдар әркезде тағлымның бастауы болып қала берері сөзсіз. Кітап жалпы оқырман қауымға арналған.

 

Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 1 т.- Алматы: «Алаш»,2005.- 352 б.

1 Мұхамедханов т.1 (Копировать)Қазақтың көрнекті ғалымы, абайтанушы, әдебиет тарихшысы,тағдырлы тұлға, профессор, Қазақстан Республикасы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың шығармалар жинағының бірінші томына «Абайдың төңірегіндегі ақындар» (Абайдың әдеби мектебі), «Абай шығармаларының тестологиясы жайында» атты зерттеулері және «Қосымша» бөлімінде кезінде Абай шапағатын көрген бірнеше белгілі тұлға туралы мақалалар берілді. XX ғасырдың елуінші жылдарындағы саяси жазалау науқанытұсында «Абайдың әдеби мектебі» диссертациясы үшін М. Әуезовтің «ғылымдағы көлеңкесі» деп айыпталып, «халық жауы» ретінде әшкереленіп, жиырма бес жылға сотталған ғалымның бұл қолжазбасы тұңғыш рет жарияланып отыр.

 

 

Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы.2 т.- Алматы: «Алаш», 2005.- 344 б.

2 Мұхамедханов т.2 (Копировать)Қайым Мұхамедхановтың шығармалар жинағының екінші томына 1945-1947 жылдар арасындағы әдебиет тарихы мен текстология мәселесіне арналған көлемді зерттеулері және М.Х. Дулатидің, Қ. Жалайырдың, Бұқар жыраудың, Жанақ ақынның, Махамбеттің, Дулаттың, Шөженің, мәшһүр-Жүсіптің шығармашылық өмірі жөніндегі ғылыми очерктері хронологиялық тәртіппен енгізілді. Соның ішінде монографиялық сипатта жазылған «Келелі іске кемелдік жарасады», «Түсініктемелер жайында бірер сөз», «Қаракерей Қабанбай батыр жыры»  атты еңбектері ғалымның пайымды парасатын танытатын ғылыми маңызы терең, білікті де бірегей зерттеу болып табылады. Екінші бөлімге Абайдың өмірі мен шығармаларының жазылу тарихы, сондай-ақ ұлы ақын поэзиясының текстологиясы жайында жарты ғасыр бойы қалам тартқан мақалалары мақсатты түрде топтастырылып берілді. Екінші томдағы қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелерін қамтитын бұл еңбектер жалпы оқырман қауым мен ғылыми ортаның назарын ерекше аударатыны анық.

Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы.3 т.- Алматы: «Алаш», 2005.- 328 б.

3 Мұхамедханов т.3 (Копировать)Белгілі әдебиетші ғалым Қайым Мұхамедхановтың көп томдық шығармалар жинағының бұл үшінші томына оның Құнанбай немерелері : Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл Абайұлдары, Кәкітай Ысқақұлы, Әрхам Кәкітайұлы және Әубәкір Ақылбайұлы туралы жазылған зерттеу мақалалары және осы аталған ақындардың архивтерден ғалымның өзі тапқан төл шығармалары топтастырылып отыр.

 

 

 

 

Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы.4 т.- Алматы: «Алаш»,2005.- 328 б.

4 Мұхамедханов т.4 (Копировать)Ғалым жазушы Қайым Мұхамедхановтың көптомдық шығармалар жинағының бұл томына оның Көкбай, Әріп, Мұқа, Баймағамбет сияқты Абайдың ақын шәкірттері  және Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып дулатов т.б. алаш арыстары туралы зерттеу еңбектері, сондай-ақ автордың өзі жөнінде әр кезеңде айтылып жазылған дуалы ауыз лебіздері мен әр буын өкілдерінің естеліктері топтастырылған.

 

 

 

 

Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы.5 т.- Алматы: «Ел-шежіре»,2007.- 344 б.

5 Мұхамедханов т.5 (Копировать)Қайым Мұхамедхановтың шығармалар жинағының бесінші томына 1945-1947 жылдар арасындағы әдебиет тарихы мен текстология мәселесіне арналған зерттеулері, Махамбет, Абай, Шоқан, Жаяу Мұса, Орынбай, Шашубай, Майра, Естай, Иса, І. Жансүгіров, С. Ғаббасов, Ж. Шанин, А. Ярмұхамедов т.б. көлемді мақалалары мен естеліктері М. Әуезовтің шығармашылық өмірі жөніндегі ғылыми очерктері хронологиялық тәртіппен енгізілді. Абайдың өмірі мен шығармаларының жазылу тарихы, сондай-ақ ұлы ақын поэзиясының текстологиясы жайында жарты ғасыр бойы қалам тартқан мақалалары мақсатты түрде топтастырылып берілді. Бесінші томдағы қазақ әдебиетінің көкейкесті мәселелерін қамтитын бұл еңбектер жалпы оқырман қауым мен ғылыми ортаның назарын ерекше аударатыны анық.

 

Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы.6 т.- Алматы: «Ел-шежіре», 2008.- 320 б.

6 Мұхамедханов т.6 (Копировать)Ғалым, әдебиет сыншысы Қайым Мұхамедхановтың көп томдық шығармаларының алтыншы томына оның әр жылдарда жазған мақалалары мен қазақ әдебиетінің тарихына қатысты зерттеулері, сондай-ақ пікірхаттары енгізілді. Ал екінші бөлімінде шетел жазушыларының творчестволық өмірбаянына арналған мақалалары іріктеліп берілді.

 

 

 

 

 

Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы.7 т.- Алматы: «Ел-шежіре», 2009.- 312 б.

7 Мұхамедханов т.7 (Копировать)Ғалым, әдебиет сыншысы, драматург Қайым Мұхамедхановтың көп томдық шығармалар жинағының жетінші томына драмалық шығармалары еніп отыр. Жинақта «Майданнан майданға», «Комиссар Ғаббасов», «Ер Білісай», «Перне» пьесалары және әр жылдарда жазған өлеңдері мен Карамзиннің өлеңмен аударған «Сормаңдай Лиза» поэмасы берілген. Ғалымның драмалары мен өлеңдері бұрын-соңды жеке жинақ болып баспа бетінде жарық көрген жоқ.  Кезінде пьесалары М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов сынды әдебиетіміздің алыптары жақсы пікір білдірген.

 

 

 

 

Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 8 т.- Алматы: «Ел-шежіре», 2009.- 320 б.

8 Мұхамедханов т.8 (Копировать)Ғалым, әдебиет сыншысы, драматург Қайым Мұхамедхановтың көп томдық шығармалар жинағының сегізінші томына шетел драматургтерінен аударған драмалық шығармалары еніп отыр. Жинақта «Қажы әпенді үйленді», «Аршын мал алан», «Уақыт сондай», «Фигароның үйленуі», «Жас гвардия» пьесалары мен  «Русалка» өлеңі және әр жылдарда орыс тілінде жарық көрген мақалалары берілген. Ғалымның аудармалары бұрын-соңды жеке жинақ болып баспа бетінде жарық көрген жоқ.

 

 

 

 

Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы.9 т.- Алматы:Ел Шежіре, 2011.- 384 б.

9 Мұхамедханов т.9 (Копировать)Ғалым, әдебиет сыншысы, драматург Қайым Мұхамедхановтың көп томдық шығармалар жинағының тоғызыншы томына әдебиет тарихы, өнер, театр жайлы жазған зерттеулері мен мақалалары және Абай өлеңдеріне жазған ғылыми түсініктемелері еніп отыр. Қайым Мұхамедханов  жаңа құрылы , қалыптасып келе жатқан  театр  жұмысын белсене араласып, сыни мақалалар  жариялап отырған. Абайдың өлеңдері мен поэмаларының мәтіндеріне ғылыми  түсініктемелер жазу ғалымның ұзақ жылғы табанды еңбегінің жемісі. Ғалым терең энциклопедиялық біліммен және текстология ғылымының канондық негіздерін басшылыққа ала отырып, Абай шығармаларының мәнін жеріне жеткізе зерттеп, бір ізге түсіруге ұмтылған. Аталған еңбек көптеген жылдар бойы дұрыс оқылмай, өзгеріске ұшырап жүрген Абай өлеңдерінің түпкі мағынасы мен мәнін ашуға негіз болған.

 

Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы.10 т.- Алматы: «Ел –шежіре», 2012.- 384 б.

10 Мұхамедханов т.10 (Копировать)Абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың көптомдық шығармалар жинағының оныншы томына 1951 жылы Қазақстан Ғылым академиясы Жоғарғы аттестаттау комиссиясында «Абайдың әдебиет мектебі» тақырыбында қорғалған диссертациясының стенограммасы, Қайым Мұхамедхановтың диссертациясына берілген ғалымдардың пікірі және 1951 жылы маусымда Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына оқып-үйрену жөніндегі пікірталас материалдары берілген.

Қайым Мұхамедхановтың тар жол тайғақ кешуден өткен қилы тағдыры жөнінде сыр шертетін мұрағат материалдарының көшірмелері беріліп отыр.  Көп жылдар бойы ашық айтылмай келген Қ. Мұхамедхановтың тағдыры таразының басына түсіп тұрғанда, ол ұстанымынан таймаған қайсар ғалымның өмірі кімге болса да үлгі.

 

Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері. Бірінші кітап.- Алматы:Дәуір,1993.- 224 б.

11 Мұхамедханов Абайдың ақын шәкіреттер 1 книга (Копировать)Бұл бірінші кітап Абайдың ақын балалары  – Ақылбай, Мағауия және Тұрағұлдың әдеби мұрасына арналып отыр. Абайдың өзі кезінде айналасына жинаған талапкер, өнерлі жастардың саны көп болған. Абайдың ақын шәкірттеріне арналған Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл сияқты жас талапкерлердің  шығармаларын талдап, өмір тарихтары жөнінде мағлұмат берілген.

 

 

 

 

Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері.Екінші кітап.- Алматы:Дәуір,1994.-336 б.

12 Мұхамедханов Абайдың ақын шәкірттері 2 книга (Копировать)Екінші кітапқа Кәкітай Ысқақұлы, Көкбай Жанатайұлы өмірбаяны, өлеңдері, поэмасы,Уәйіс Шондыбайұлы өмірбаяны, өлеңдері, поэмалары, дастандары, айтыс өлеңдері, ақын жайында естеліктер енгізілген.

 

 

 

 

 

 

Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкірттері: Үшінші кітап.- Алматы:Дәуір,1995.- 320 б.

13 Мұхамедханов Абайдың ақын шәкірттері (Копировать)Ғалым Қайым Мұхамедхановтың «Абайдың ақындық мектебі» атты үшінші кітабына Әріп Тәңірбергенұлының өмірбаяны,   өлеңдері, айтыстары,  Әріп ақын жайында халық ақындарының естеліктері,

Әсет Найманбайұлының өмірбаяны, ақынның өлеңдері, айтыс, қисса-дастандары , аудармалары және Мұқа Әділхановтың өмірбаяны мен өлеңдері топтастырылған.

 

 

 

 

Мұхамедханұлы Қ. Абайдың ақын шәкіреттері.Төртінші кітап.- Алматы: Дәуір,1997.- 240 б.

14 Мұхамедханов Абайдың ақын шәкірттері 4 книга (Копировать)«Абайдың ақын шәкіреттері» атты төртінші кітап – Абайдан тәрбие алып өскен, Абай мектебінің  тағы төрт шәкіртіне : Тайыр Жомартбайұлы, Баймағамбет Айтқожаұлы, Иманбазар Қазанғапұлы және Әрхам Кәкітайұлы Ысқақовтарға арналып отыр. Абайдан алған үлгі-өнеге бойынша көркем шығармалар жазған ақындардың өлеңдері мен дастандары берілген.

 

 

 

 

 

Қайым Мұхамедханов: «Тағдыр және Карлаг».- Алматы,2008.- 278 Б.

15 Мұхамедханов Тағдыр және Карлаг (Копировать)Бұл жинақ абайтанушы, аса көрнекті ғалым, аудармашы, ақын, Қайым Мұхамедхановтың  өміріндегі ең бір қиын кезеңдердің көріністері, 50 жылдардың сталиндік сұрапыл қиындықтарын, сұрқиялық сапырылыстарын өзі де бастан кешсе де, ешбіріне мойымаған, қажымаған Қайым аға адалдық, әділдік үшін, әдебиеттің ар-намысы үшін күресін тоқтатқан жоқ. Ұрпағына азаматтықтың өнегесін көрсетті. Жинаққа ғалым туралы өлеңдер, естеліктер  топтастырылған.  «Қайым Мұхамедханов өмір өткелдерінде»  атты 3 бөлімде  ғалымның өз естеліктері берілген.Сондай-ақ  Қайым Мұхамедханов Н.М. Карамзиннің  «Сормаңдай Лиза» шығармасын  дастан түрінде аудармасы берілген.

 
Қайым туралы сөз.- Слово о Каюме. Сб. Воспоминаний. Астана: Фолиант, 2006.- 376 с.

16 Кайым туралы сөз (Копировать)Оқырман қауымға ұсынылып отырған бұл жинақ Қайым Мұхамедханов туралы сыр шертеді. Қазақстанның тұңғыш гимнінің авторы болған ақын. Жазушы, драматург, әдебиетші, абайтанушы Мұхтар Әуезовтің дос інісі, оның өмірі мен шығармашылығын зерделеген зерттеуші болған ғұлама ғалым.

Кітап ғалымның туғанына 90 жыл толуына арналады.

 

 

 

 

Мұхамедханов Қ. Тарта көр Семейімнің топырағы:Өлеңдер,поэмалар, аудармалар, мақалалар, арнаулар.-Семей,2010.-144 б.

17 Мұхамедханов Тарта көр Семейімнің топырағы (Копировать)Абайдың туғанына 165 жыл толуына орай аса көрнекті абайтанушы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қайым Мұхамедхановтың бұл жинағына өлеңдері мен поэмалары, аударма  өлеңдері мен мақалалары, өзіне арналған арнаулар енгізіліп отыр. Абай рухына барымен адал ғұлама ғалым, абайтануда Мұхтар Әуезовтің нағыз ізбасары Қайым Мұхамедханов ақын, аудармашы, жазушы-драматург да еді. Сондай-ақ Қ. Мұхамедхановтың өз қолымен жазған өмірбаянынан үзінді де беріліп отыр.

 

 

 

Мұхамедханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайында.- 2-ші басылым.- Алматы, 2010.- 164 б.

18 Мұхамедханов Абай шығармаларының текстологиясы (Копировать)Қайым Мұхамедхановтың «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» деп аталған алғашқы еңбегі 1959 жылы «Қазақтың Мемлекеттік көркем әдебиет» баспасынан жеке кітап болып шықты. Кітаптың тарихы небары 1200 дана еді. Қазір ол кітапты тауып оқу мүмкін емес.

Абай шығармаларының жинақтарында бұрмаланып, қате басылып жүрген сөздерді мұқият зерттеп, түпнұсқасын келтіру ісіне арналған, ешқашан маңызын жоймайтын, әрқашан абайтанушылардың қолында, көз алдында болуға тиіс бұл кітапты қайтадан «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қоры  басып шығарған.

 

Мұхамедханов Қ. Абай кітабын алғаш шығарған Илияс Бороганский. – Алматы: «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қоры , 2009.- 64 б.

19 Мұхамедханов Абай шығармаларын алғаш шығарған Илияс Бороганский (Копировать)Кітап Абайдың асыл әдеби мұрасын ең алғаш кітап етіп баспадан шығарған – Илияс Борогнаскийге арналады. Қайым Мұхамедханов Илияс Бороганскийдің кім екені, нендей іс атқарғаны туралы іздеп тауып, жария еткен бұл еңбек – түрік халықтарының игілігі.

 

 

 

 

 

Мұхамедханов Қ. Абай шығармаларына ғылыми  түсініктер.- Алматы, 2009.- 176 б.

20 Мухамедханов Абай шығармаларына түсініктеме (Копировать)Абай шығармаларына  ғылыми түсініктер кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде Абайдың өлеңдерінің тіліне ғылыми түсініктер, екінші бөлімде поэмаларына ғылыми түсініктер берілген. Жинаққа  кірген ақын шығармаларының қай кезде жазылғанын, жазылуына себеп болған жайларды, алғаш рет қашан, қайда жарияланғанын, шығармалардың түсінік қажет ететін жеке сөздердің мән-мағынасын айқындалып берілген.

 

 

 

 

 

Мұхамедханов Қ.Абай мұрагерлері.- Алматы: Атамұра,1995.- 208 б.

21 Мұхамедханов Абай мұрагерлері (Копировать)Бұл жинаққа белгілі әдебиетші, абайтанушы ғалымның архивтерден, көне басылымдар мен баспасөздерден және абайдың көзі тірі ұрпақтарынан ұзақ жыл бойы тірнектеп жиған дерек-дәйектерін негіз еткен бірнеше зерттеу еңбегі еніп отыр. Ерекше ескертетін жағдай: бұларда әр түрлі себептерден көптеген жылы жабулы жатқан, жарияланбай келген өте қызықты да құнды мәселелер баршылық. Бұны, әсіресе  Шәкәрім, Кәкітай, Әлихан жөніндегі мақалалардан кезіктіреміз.

 

 

 

 

Мұхаметханов Қ. Комиссар Ғаббасов: Пьесалар.- Алматы:Өнер, 1984.- 176 б.

22 Мұхамедханов Комиссар Ғаббасов (Копировать)Қайым Мұхамедхановтың бұл кітабына төрт пьеса еніп отыр. Тарихи тақырыптағы «Комиссар Ғаббасов» , «Ер Білісай», «Толқын», атты туындыларының оқиғасы қызық, көлемі шағын, театр  сахнасына қоюға лайық.  «Хажы әпенді үйленеді» атты пьесасы татар тілінен аударылған тартымды комедия.

 

 

 

 

 

Шәкәрім мен Қайым тағдырлас.- Астана: Фолиант, 2009.- 336 б.

23 Шакарим мен Кайым тагдырлас (Копировать)Шәкәрім ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты,  Қайым Мұхамедханов пен Шәкәрім ақынның өмірінің қиын кезеңдерін суреттейді. Әділдік үшін күрескен қос азаматтың тағдырына арналады.