«Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» Қоғамдық Қоры қоғамның рухани-адамгершілік негізін сақтау, білім және мәдениет саласын көтермелеу, жастардың отансүйгіштікке тәрбиелеуді дамыту мақсатында 2008 жылы Алматы қаласында құрылған.
Қор алға қойған мақсаттарын мына тақырыптар бойынша жүзеге асырмақ:

  • Қазақ халқының мәдени мұрасын қадірлеуге елеулі үлес қосқан Қайым Мұхамедхановтың мәдени мұрасын сақтау;
  • Алаш қозғалысына қатысқандар және олардың идеяларын насихаттағандарды мәңгі есте сақтау;
  • Білім және мәдениет арқылы еліміздің адамзаттық және әлеуметтік капиталын дамыту;
  • Карлаг – отбасының, ұлттың, еліміздің естелігі;
  • Сталиндік режимнен зардап шеккендермен кеңінен әңгімелесу;
  • Жастарды жауапкершілікке кәсіби мамандықтарға тәрбиелеу,
  • Салт-дәстүрді сақтау отырып, инновацияны жүзеге асыруға, жаңа идеяларды іске асыруда тиімді ұсыныстарды әзірлеу, талдау жасау арқылы білім сапасын көтеруге көмектесу;
  • Жоғары оқу орындарында жаңа бағдарламалар мен курстарды дамыту;
  • Жобалар мен бағдарламалар арқылы жалпы адамзаттық және демократиялық құндылықтарды насихаттауды ұсынады: «Адам және оның мәртебесі – прогрессивті қоғамның жоғары құндылығы», «Білім жолымен мәдениеттіліктің арттырылуы», «Еліміздің дамуына білімнің үлесі», «Білім және мәдениет тұрғысында кәсіби әлеуметтік және этникалық жауапкершілікке ықпал жасау», «Қазіргі таңдағы кәсіби маман көшбасшы», «Мәдениет – профессионализмнің негізі».
  • 2008 жылы Қазақстанның Жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысқан бірнеше дөңгелек үстелдер мен семинарлар: «Профессионалды этика», «Жоғары білім миссиясы – жаһандық, аймақтық, ұлттық тәжірибелері» атты тақырыптарда өткізілді.
  • 2009 жылы «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» бастамасымен және Қазақстан-Британ техникалық университеттің қолдауымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жазушы Қайым Мұхамедхановтың «Тағдыр және Карлаг» атты туындысы оқырмандар назарына ұсынылды. Аталған кітап 1930-1950 жылдар аралығында сталиндік репрессия – тарихымыздағы қайғылы оқиғаларды ашып айтқан архив материалдарын зерттеу негізінде жарыққа шықты. Бұл Карлаг – репрессиялары тақырыбындағы жобаның бастамасы.
  • 2009 жылы Қайым Мұхамедхановтың әріптестерінің, шәкірттерінің және ғалымдардың серіктестігімен ҚР-ның Бұқаралық ақпарат және мәдениет Министрілігінің қолдауымен «Қайым Мұхамедхановтың мәдени мұрасын сақтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылуда.
  • 2009 жылы «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мұхамедханов Қайым Абай шығармаларына ғылыми түсініктер», «Мұхамедханов, Қайым Абай кітабын алғаш шығарған Илияс Бораганский» кітаптары жарыққа шықты.
  • 2010 жылы 10 желтоқсанда Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінде көрнекті ғалым, абайтану ғылымының негізін салушы Қайым Мұхамедхановтың 95 жылдығына арналған конференция өтті. Шарада Қ.Мұхамедхановтың жеке мұрағатынан тың деректер ұсынылды: онда Қазақстанның тарих, мәдениет, ғылымы саласындағы 1930-1940 ж.ж. танымал тұлғалардың беймәлім фотосуреттері көрсетілді. С.Марков, Т.Иванова, Қ.Сәтпаевтың хаттары, әсіресе Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхамедхановтың «Абай жолы» романын жазу кезіндегі өзара жазысқан хаттары, ондағы фактілер қатысушылардың ерекше қызығушылығын оятты.
  • 2013 жылы «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Абай, Әсет, Балуан Шолақ, Естай әндеріне арналған «Дала дауылпаздары» атты дәстүрлі ән кеші өтеді. Бұл игілікті іс шара қазақтың ақын-сазгерлерінің шығармашылығында айшықталған келелі ойлар мен рухани құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған. Концерт 2013 жылдың 10 қазаны күні сағат 16.00-де «Қазақконцерт» ғимаратында өтті.
  • 2015 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және «Қайым Мұхамедханов атындағы білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорының бірлесіп ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 170 жылдығы аясында және Қайым Мұхамедхановтың алдағы жылы тойланатын 100 жылдығының қарсаңында «Қайым Мұхамедханов: Хаттар сөйлейді. Каюм Мухамедханов: Письма говорят» кітабының тұсаукесері өтті.